17 ақпан 2025 жылы шет тілдері әдебиеті оқу залында қазақтың ұлы ақыны – Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым…» деген тақырыппен кітап көрмесі қойылды.
Абай Құнанбайұлы – ақын–ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер.
Оқырмандар үшін қойылған кітап көрмесіне ақынның көркем шығармалары, таңдамалы өлеңдер жинағы, қазақ және ағылшын тілдеріндегі ақынның «Қара сөздері», абайтанушы ақын-жазушылардың Ұлы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптары қойылды.