«Әлем-цифрлық контент» тақырыбындағы workshop

Қазіргі таңда әлемде жаңа мамандықтар шығып жатыр, соның бірі контент-мейкер. Ол тікелей әлеуметтік желілермен байланысты. Әсіресе, соңғы уақытта инстаграм желісі қарқынды дамуда, сол жолда дұрыс фото және видео түсіру қабілеті әрбір адамға қажет болып табылады.
2023 жылдың 7 қарашасында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Кітапхана-ақпарат орталығы контент-мейкер Назерке Акрамовамен «Әлем-цифрлық контент» тақырыбында кездесу/workshop ұйымдастырды.
Назерке workshop барысында ұялы телефонда керемет фотоларды түсіруді және өңдеуді үйретті. Сонымен қатар, инстаграмға қызықты сториздер жасаудың жолдарын көрсетіп, студенттерге мотивация берді. Студенттер уоркшоптың бірінші бөлігінде теория жүзінде білім алса, екінші бөлігін практикалық тапсырмаларды орындады.
Іс-шара соңында қатысушылар спикерге қызықты сұрақтар қойып, бір-бірімен пікір алмасты.

library.ablaikhan.kz
© Kazakh Ablai Khan University of International Relations and World Languages