14.11.2025 ж. Шетел тілдері әдебиеті оқу залында австриялық кітапхананың ғылыми жетекшісі, профессор Шпекбаева Бахыт Жатқанбаевнаның Австрия Республикасының Еуропалық және халықаралық істер жөніндегі Федералдық министрлігі мен Төменгі Австрия провинциясының мәдениет департаментінің қолдауымен неміс тіліндегі “Mein Leben als kasachische Frau” атты кітабы мен австриялық жазушы. эпикалық ақын, лирик, драматург Эрика Миттерердің таңдамалы өлеңдер жинағының қазақ тіліндегі аудармасының таныстырылымы өтті.
Кеш қонақтары : Халық қаһарманы, мемлекет және қоғам қайраткері, генерал-полковник Сәт Бейсембайұлы Тоқпақбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар мен Журналистер одағының мүшесі Сәуле Досжан, мемлекет және қоғам қайраткері, генерал-лейтенант Алик Жаткамбаевич Шпекбаев, Қазақ телевизиясының ардагері, құрметті журналист Аршагүл Серікқызы Тойбай.
Тұсаукесерді Абылайхан атындағы ҚХҚжәне ӘТУ стратегиялық даму жөніндегі проректоры Құнанбаева Дана Ануарбековна құттықтау сөзбен ашып, кітап авторы профессор Шпекбаева Бахыт Жатқанбаевнаға алғыс хат тапсырды.
Кеш барысында студенттер қазақ, орыс, неміс тілдерінде өлең оқып, ән шырқап, күй тартты. Университет ұстаздары мен кеш қонақтары кітап туралы, автор туралы өз естеліктерімен бөлісті. Әдеби кештің студент жастар үшін берер тағлымы, тәрбиесі мол болды.



