Альфред Адлер есімді австриялық – Ein osterreicher Namens Alfred Adler

19.11.2025 ж. Шетел тілдері әдебиеті оқу залында австриялық психолог, психиатр және ойшыл, жеке психология жүйесін жасаушы – Альфред Адлер туралы танымдық баяндама оқылды.

Вена университетінен келген практикант, магистр Изабель Деттингер студенттерге Альфред Адлердің өмірі, шығармашылығы туралы көрнекі түрде баяндап берді. Ал психологтың жеке тұлға теориясының тұжырымдамасы (концепциясы) туралы педагогикалық шет тілдер колледжінің педагогика және психология пәнінің оқытушысы Задорожная Диана Жолшыбекқызы презентация көрсетіп, психологиялық ойын ұйымдастырды.

Австриялық кітапхананың ғылыми жетекшісі, профессор Шпекбаева Бахыт Жатқанбаевна кітап қорындағы Альфред Адлер туралы әдебиеттерге шолу жасады.

Университеттің педагогикалық факультетінің және педагогикалық шет тілдер колледжінің неміс тілін оқитын студенттері қатысқан бұл іс-шараның танымдық, тәрбиелік маңызы зор болды.

library.ablaikhan.kz
© Kazakh Ablai Khan University of International Relations and World Languages