Андреас Унтервегер мырзамен кездесу

22.10.2025 ж. шетел тілдері әдебиеті оқу залында Австриялық жазушы, аудармашы, белгілі австриялық «manuskripte » әдеби журналының редакторы Андреас Унтервегер мырзамен кездесу өтті.

Кездесуде жазушы оқырмандарды өзі туралы, әдеби туындылары туралы жасаған презентациясымен таныстырды. Шығармаларынан үзінді оқып беріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Педагогикалық колледж және шет тілдері педагогикалық факультетінің студентері қатысқан кездесу  әсерлі, мазмұнды болып өтті. Кеш соңында австриялық қонаққа кәдесыйлар табысталып, естелікке суретке түсті.

library.ablaikhan.kz
© Kazakh Ablai Khan University of International Relations and World Languages