Білім 5.0: Академиялық кітапханалар алдындағы қиындықтар мен перспективалар.

Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары кітапханаларының қауымдастығы, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Назарбаев Университетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 19-20 қазан аралығында Назарбаев университетінде «Білім 5.0: Академиялық кітапханалар алдындағы қиындықтар мен перспективалар» 12-ші Академиялық Кітапханалардың Еуразиялық Конференциясы өтті.

Конференцияға Оқытуды және зерттеулерді қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қалиева Әсем Мерекеқызы  қатысты.

Конференция «Білім 5.0» білім берудің жаһандық дамуының жаңа кезеңін қамтамасыз етуде академиялық кітапханалардың идеяларымен, білімдерімен және тәжірибесімен алмасу алаңына айналды.

Конференция цифрлық трансформацияны әлеуметтік трансформация құралы ретінде пайдалануға, адамның денсаулығы мен қауіпсіздігінің деңгейін жоғарылату кезінде қоршаған ортаға адам қызметінің аз әсер етуіне ықпал етуге бағытталған оқытуды ізгілендіруге арналды.

Конференцияға белгілі зерттеушілер мен қызықты баяндамашылар қатысты. Бұл ауызша баяндамалар арқылы ғылыми пікірталастар, конструктивті ақпарат және озық тәжірибе алмасу алаңы болды.

library.ablaikhan.kz
© Kazakh Ablai Khan University of International Relations and World Languages