«Желтоқсан – тәуелсіздік рухы»

28.11.2025 ж. М.М Копыленко атындағы диссертациялық оқу залында 16 -желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан – тәуелсіздік рухы» атты кітап көрмесі қойылды.

Көрмеге 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінің шығу себебі, оған қатысушылар туралы құжаттар, көтерілістің бізге беймәлім қырларын баяндайтын кітапхананың кітап қорынан алынған кітаптар қойылды.

Кітап көрмесінің мақсаты – Тәуелсіздік жолында құрбан болған желтоқсан оқиғасына қатысушылардың ерлігін үлгі ету, жастардың бойында патриоттық, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

library.ablaikhan.kz
© Kazakh Ablai Khan University of International Relations and World Languages