«Абылай Хан атындағы ҚазХҚжӘТУ» сериясының библиографиялық көрсеткіштері ғалымның мерейтойлық күндеріне арнайы шығарылады.
Негізгі мақсат – библиографиялық сипаттағы ақпаратты ретке келтіру және университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми қызметінің бағыттарын көрсету.
Жеке библиографиялық көрсеткішке ғалымның өмірбаянынан қысқаша мағлұматтар, негізгі жұмыстарының (кейде толық мәтінімен) және өзі туралы жарияланымдарының тізімі кіреді.
Биобиблиографиялық көрсеткіш мынадай бөлімдерден құралады:
- Кіріспе (ғалымның ғылым саласындағы рөлін қысқаша баяндау, құралдың оқырмандық және мақсаттық бағытын ашу, құрылымын сипаттау);
- Өмірбаяндық эссе (ғалымның кәсіптік, педагогикалық, қоғамдық қызметінің бағыттарын сипаттауға назар аударылады);
- Өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері (жарияланымдарын, жеке ісін, өмірбаянын, есептерін зерттеу арқылы жасалады);
- Педагог және / немесе ғалым туралы жарияланымдардың тізімі;
- Ғалымның еңбектерінің тізімі (жарияланымдардың хронологиялық және алфавиттік тәртібі немесе басылым түрлері бойынша: кітаптар, мақалалар, ғылыми-зерттеу жұмыстары, патенттік құжаттар, редакциялау);
- Ғалымның ғылыми мектебі (ғалым ғылыми жетекшілік еткен аспиранттар мен докторанттардың диссертациялық жұмыстарының тізімі);
- Қосалқы аппарат (бірлесіп жазған авторлардың көрсеткіші)
Кітапхана факультетпен бірігіп мемлекеттік стандарттарға сәйкес биобиблиографиялық көрсеткішті құрастырады. Библиографиялық сипаттамалар МемСТ 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар және құрастыру ережелері», МемСТ 7.82-2001 «Библиографиялық жазба. Электронды ресурстардың библиографиялық сипаттамасы: жалпы талаптар және құрастыру ережелері» атты мемлекеттік стандарттарға сәйкес сипатталады. Сөздер 7.0.12-2011 «Библиографиялық жазба. Орыс тіліндегі сөздер мен сөз тіркестерінің қысқартылуы. Жалпы талаптар мен ережелер» атты МемСТ-қа сәйкес қысқартылады.