25 қараша 2025 жылы Кітапхана-ақпараттық орталығында кітапхана қызметінде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдануға арналған семинар өтті. Семинарды электрондық ресурстарды қолдау және пайдалану бойынша жетекші маман Жомартұлы Асет өткізді.
Іс-шара барысында қатысушылар:
- «МегаПро» автоматтандырылған жүйесінің жаңартылған мүмкіндіктерімен;
- каталогтауда қолданылатын MARC21 стандартымен;
- жаңартылған «Электрондық кітапхана» модулімен;
- кітапханашылардың жұмысын жеңілдететін «Mega AI» жасанды интеллект құралдарымен танысты.
Сонымен қатар ChatGPT сынды нейрожелілерді кітап көрмелерін дайындау, аннотация жазу, түйінді сөздерді анықтау, мәтіндерді аудару және іс-шараларға арналған хабарламалар әзірлеу сияқты тапсырмаларда қолданудың нақты мысалдары көрсетілді.
Семинар мазмұнды әрі тәжірибеге бағытталған форматта өтіп, кітапхана саласы мамандары үшін пайдалы кәсіби алаңға айналды.
