3 желтоқсанда, Р.С. Әмір атындағы аударма және филология факультетінің оқу залында Роман тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен белгілі жазушы,, зерттеуші Жалғасқали Дутмағанбетовтың оқырмандармен кездесуі өтті. «Көлеңкеде қалған ерлік» атты тақырыппен өткен кездесу барысында Ж.Дутмағанбетовтың «1812: Guerre et Paix» (1812: Соғыс және Бейбітшілік) атты кітабы студенттердің назарына ұсынылды.
Кітап авторы кітаптың жазылу процесі, оның негізгі тақырыптары мен ұлттық бірегейлікті сақтаудағы маңызы туралы баяндады.
Жазушы студенттердің қызығушылығына алғыс білдіріп, шығармашылық кездесулер әдебиет арқылы тарихты терең түсінуге оқырманға ықпал ететінін атап өтті.