«Армансыз адам-ормансыз бұлбұл» демекші әрбір адамның арманы бар. Арман әр адамды алға жетелейді. Сол арманға жету үшін адам талай қиындықтардан өтеді. Сол қиындықтарға қарамастан оны алға қарай жетелейтін ол- тек арман. Осы арман жайлы бизнес-тренер, жазушы Мадина Қосай және иллюстрациялық суретші Лейла Ахмет Осман «Көп арманда» атты кітабын жарыққа шығарды.
Кітапхана-ақпарат орталығында 2023 жылдың 28 қарашада «Көп арманда» кітабының презентациясы өтті. Автормен кездесуге университетіміздің студенттері мен оқытушылары қатысты.
Кездесу барысында автор өз кітабын жазудағы мақсатымен бөлісіп, кітаптың қысқаша мазмұнымен таныстырды. Мадина Қосай студенттерді көп армандауға және оған сенуге шақырды.
Кездесу соңында студенттер авторға өздерінің қызықты сұрақтарын қойып, бір-бірімен пікір алмасты. Бұл кездесу студенттердің көңілінен шықты.