2 қазан 2025 жж. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Шетел тілі педагогикалық факультетінің деканы, филология ғылымының докторы, профессор Айбарша Исламның мерей тойына орай «Лингвомәдениеттану: тәжірибе, даму үрдістері және келешегі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Филология ғылымының докторы, профессор Айбарша Исламның ғылыми еңбектеріне арналған кітапхана қорынан алынған кітап көрмесі қойылды.