2025 жылғы 24 қарашада  Academic Search Complete ғылыми дерекқорының презентациясына арналған семинар өтті.

Қатысушыларға 8 968 ғылыми журналды, 355 кітап пен монографияны, 44 конференция жинағын және 300-ден астам басқа жарияланымды қамтитын толықмәтінді мультидисциплинарлы дерекқор таныстырылды.
Дерекқорда 127 елдің 19 710-нан астам басылымы және 1 900-ден астам пәндік бағыт индекстеледі.
Семинарды EBSCO Publishing компаниясының өкілі Александр Рыто́в өткізді.
Іс-шараға оқытушылар мен докторанттар қатысып, семинар академиялық үдерісті қолдауға маңызды үлес қосты.

Презентация (жүктеу)

library.ablaikhan.kz
© Kazakh Ablai Khan University of International Relations and World Languages