Шет тілдер педагогикалық факультеті Шығыстану факультеті Халықаралық қатынастар, құқық және бизнес факультеті Менеджмент және халықаралық коммуникациялар факультеті Аударма және филология факультеті
Ғылым қызметкерлері күніне арналған көрме
Құрметті оқырмандар, «Ғылым қызметкерлері күніне» арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеден Қазақ КСР Ғылым Академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, қазақтың тұңғыш академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев туралы, Қазақстан ғалымдары, ғылымы жайлы деректер жазылған әдебиеттер орын алған. Сонымен қатар Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің жас ғалымдарының жетістіктерін көрінісі, олардың монографиялары, оқулықтары, …
Johann Strauss: Walzerkönig von Wien
27 ақпан 2025 жылы шет тілдер әдебиеті оқу залында атақты Австриялық композитор, дирижёр және скрипкашы, «вальс королі» атанған Иоганн Штраустың 200 жылдық мерей тойына орай оқырмандарға дәріс оқылып, фильм көрсетілді. Дәрісті Вена университетінен келген магистр, Дорис Циммерманн оқып, композитордың өмірі мен шығармашылығы туралы толық мағлұмат берді.
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым..
17 ақпан 2025 жылы шет тілдері әдебиеті оқу залында қазақтың ұлы ақыны – Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым…» деген тақырыппен кітап көрмесі қойылды. Абай Құнанбайұлы – ақын–ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Оқырмандар үшін қойылған кітап көрмесіне ақынның көркем шығармалары, таңдамалы өлеңдер …
Тәуелсіздік – Мәңгілік елдің тұғыры
2024 жылы 13 желтоқсанда шет тілдері әдебиеті оқу залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – Мәңгілік елдің тұғыры» деген атпен кітап көрмесі қойылды. Көрме Қазақстан тарихының тәуелсіздік пен мемлекетіміздің егемендікке қол жеткізгендегі маңызды кезеңдері туралы ақпарат береді. Көрмеде Тәуелсіздік тарихы және 1986 жылы 16 желтоқсан оқиғасына түрткі болған себептер мен демократия жолында құрбан …
«Адамзаттың соңғы күні» (Die letzten Tage der Menschheit)
2024 жылы 4 желтоқсанда шет тілдері әдебиеті оқу залында австриялық атақты жазушы Карл Краустың туғанына 150 жылдығына орай іс-шара өткізілді. Жазушының өмірі мен шығармашылығы жайында деректі фильм көрсетілді. Карл Краустың «Адамзаттың соңғы күні» (Die letzten Tage der Menschheit) атты романын профессор Шпикбаева Б.Ж. талдап, қысқаша баяндап берді. Іс-шараға университетіміздің педагогикалық факультетінің және педагогикалық колледждің неміс …
«Адамзаттың соңғы күні» (Die letzten Tage der Menschheit) Read More »
«Көлеңкеде қалған ерлік»
2024 жылы 3 желтоқсанда, Р.С. Әмір атындағы аударма және филология факультетінің оқу залында Роман тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен белгілі жазушы,, зерттеуші Жалғасқали Дутмағанбетовтың оқырмандармен кездесуі өтті. «Көлеңкеде қалған ерлік» атты тақырыппен өткен кездесу барысында Ж.Дутмағанбетовтың «1812: Guerre et Paix» (1812: Соғыс және Бейбітшілік) атты кітабы студенттердің назарына ұсынылды. Кітап авторы кітаптың жазылу процесі, оның негізгі тақырыптары …
Фридерика Майрёккердің туылғанына 100 жыл
2024 жылы 20 қарашада шет тілдер әдебиеті оқу залында Австрия Республикасының атақты жазушысы Фридерика Майрёккердің туылғанына 100 жыл толуына арналған іс-шара өтті. Жазушының өмірі, шығармашылығы туралы дерек беретін слайд көрсетіліп, баяндама тыңдалды. Кітап қаралымы ұйымдастырылды. Баяндамашы: австриялық кітапхананың ғылыми жетекшісі – профессор Шпикбаева Б.Ж.
«Менің елім – Қазақстан»
2024 жылы 22 Қазанда Шет тілдері әдебиеті оқу залына «Менің елім – Қазақстан» деген тақырыппен 25 қазан -Республика күніне арналған кітап көрмесі қойылды.
Кітап көрмесі
2024 жылы 24 Қазанда Шет тілдері әдебиеті оқу залында Австрия Республикасының Ұлттық мерекесіне арналған кітап көрмесі қойылды.