Жаңалықтар

Валери Фритчтің «Zitronen» романына арналған әдеби кеш өтті

Кітапханада аустриялық жазушы Валери Фритчтің «Zitronen» романына арналған әдеби кеш ұйымдастырылды. Шараға 50-ге жуық оқырман қатысып, заманауи әдебиеттің көрнекті туындыларының бірімен жақынырақ танысты. Кеш барысында романнан үзінділер оқылды, шығарманың мазмұны мен көтерілген тақырыптар студенттермен бірге қызу талқыланды. Қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті, ал автор оқырмандардың сұрақтарына жауап беріп, кештің мазмұнды өтуіне ықпал етті. Мұндай кездесулер кітап …

Валери Фритчтің «Zitronen» романына арналған әдеби кеш өтті Read More »

Австрия кітапханаларының 40 жылдығына арналған оқу сапары

2026 жылғы 6–13 қыркүйек аралығында Еуропалық және халықаралық істер жөніндегі федералдық министрліктің (BMEIA) Халықаралық мәдени байланыстар секциясының ұйымдастыруымен шетелдегі Австрия кітапханалары қызметкерлеріне арналған оқу сапары өтті. Аталған халықаралық іс-шараға Алматыдағы Австрия кітапханасының өкілі ретінде Қуанышова Л.А. қатысты. Оқу сапарының бағдарламасы Вена, Брно, Оломоуц және Краков қалаларын қамтыды. Сапар барысында қатысушылар BMEIA ұйымдастырған шетелдегі мәдени саясат …

Австрия кітапханаларының 40 жылдығына арналған оқу сапары Read More »

Аустрия Республикасының өкілімен кездесу

2026 жылғы 14 мамырда шетел әдебиеттері оқу залында Аустрия Республикасының Еуропалық және халықаралық істер жөніндегі федералдық министрлігінің (Bundesministerium für europäische und internationale Angelegenheiten) V секциясының мәдени арнайы жобалар жөніндегі комиссары Симон Мрацпен кездесу өтті. Іс-шара барысында студенттерге Аустрия кітапханасының құрылу тарихы, оның Қазақстан мен Аустрия арасындағы мәдени байланыстарды нығайтудағы рөлі, сондай-ақ ұйымдастырылып отырған мәдени-ағартушылық іс-шаралардың …

Аустрия Республикасының өкілімен кездесу Read More »

«Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат»

6-шы мамыр 2026 жылы М.М. Копыленко атындағы оқу залында Ұлы Жеңіс күніне орай «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы тарихи деректер, ардагерлердің ерлігі мен отансүйгіштік рухты дәріптейтін әдебиеттер ұсынылған. Оқырмандар назарына соғыс тақырыбындағы көркем шығармалар, деректі басылымдар мен естелік кітаптар қойылды. Аталған көрменің мақсаты – жас ұрпаққа …

«Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» Read More »

Білім беру жүйесіндегі заманауи тәрбие тәсілдері

24-ші сәуір 2026 жылы  Абылай хан атындағы ҚХҚ және ӘТУ – де Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Әбенбаев Сейсенбек Шоқпарбайұлының 75 жылдық мерейтойына арналған «Білім беру жүйесіндегі заманауи тәрбие тәсілдері» атты Халықаралық ғылыми –практикалық конференция өтті.  Университет Бас оқу ғимаратының мәжіліс залының алдына Әбенбаев Сейсенбек Шоқпарбайұлының еңбектерінен тұратын кітап көрмесі қойылды.

Шығармашылық кездесу

23-ші сәуір 2026 жылы шетел әдебиеттері оқу залында Қазақстан Республикасында жүріп жатқан «Бажовский киномарафон»  атты іс- шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды әрі қызықты түрде өтті. Іс-шара барысында студенттер кинематография туындыларымен танысып, шығармашылық топ өкілдерімен кездесіп, еркін пікір алмасты. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар мен белсенділік киномарафонға деген қызығушылықтың жоғары екенін көрсетті. Киномарафон студенттерге ерекше әсер сыйлап, …

Шығармашылық кездесу Read More »

«Рыцарь и хранитель родной речи»

13-ші сәуір 2026 жылы орыс тілі және орыс әдебиеті онкүндігіне орай М.М. Копыленко атындағы оқу залында «Рыцарь и хранитель родной речи» атты С.И. Ожеговтың еңбектерінен тұратын кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сергей Иванович Ожегов – көрнекті орыс тілтанушысы, лексикограф, филология ғылымдарының докторы, профессор. Ол орыс әдеби тілінің нормаларын жүйелеуге және дамытуға зор үлес қосты. Ғалымның ең белгілі …

«Рыцарь и хранитель родной речи» Read More »

ТОО «EDP Hub» өкілдерімен кездесу

2026 жылғы 13 сәуірде Университет базасында профессор-оқытушылар құрамы, колледждер басшылығы және өзге де қатысушылармен ТОО «EDP Hub» өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты — цифрлық білім беру платформаларының жаңа мүмкіндіктерімен таныстыру, білім беруді цифрландырудың өзекті үрдістерін, оның ішінде жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелерін талқылау, сондай-ақ білім беру ресурстарын пайдалануды кеңейту болды. Кездесу барысында келесі мәселелер қарастырылды:— …

ТОО «EDP Hub» өкілдерімен кездесу Read More »

«Түркология: даму кезеңдері және болашағы»

13 сәуір 2026 жылы  Абылай хан атындағы ҚХҚ және ӘТУ – де Филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Құрманжанұлы Ахметтің 85 жылдық мерейтойына арналған «Түркология: даму кезеңдері және болашағы» атты Республикалық ғылыми – теориялық конференция өтті.   Университет Бас оқу ғимаратының мәжіліс залының алдына Әділ Құрманжанұлы Ахметтің еңбектерінен тұратын кітап көрмесі қойылды.

Кітап көрмесі

9-шы сәуір 2026 жылы М.М. Копыленко атындағы оқу залында 12 сәуір – Ғылым күніне орай  кітап көрмесі қойылды. Көрменің негізгі мақсаты – Қазақстандағы ғылымның даму жолдарын насихаттау, отандық ғалымдардың жетістіктерін кеңінен таныстыру және жас ұрпақты ғылыми ізденіске ынталандыру болып табылады. Барша оқырмандарды оқу залындағы кітап көрмесімен танысуға шақырамыз. Көрмеде Қазақстан ғылымының дамуы, отандық ғалымдардың еңбектері …

Кітап көрмесі Read More »

library.ablaikhan.kz
© Kazakh Ablai Khan University of International Relations and World Languages