Австриялық ақын, жазушы Ерика Миттерер шығармашылығы

07.02.2024 ж. сағат 11:00 — де Австриялық атақты ақын, жазушы Ерика Миттерердің шығармашылығына арналған іс-шара өтті.
Университетіміздің Педагогикалық факультеті мен педагогикалық колледждің студенттері қатысты. Австриялық кітапхананың ғылыми жетекшісі Шпикбаева Б.Ж. Ерика Миттерер туралы қысқаша баяндама жасады.
Ақын туралы мәліметтер видеоэкраннан көрсетіліп, Ерика Миттерердің өлеңдерін оқудан студенттер арасында конкурс өтті. Конкурс талабы: ақынның өлеңін мәнерлеп жатқа оқу, қазақ немесе орыс тіліне аудару және өлең туралы өзінің түсінігін баяндау (интерпретация).
Конкурс барысы мен нәтежиесі Венаға, ақынның ұлы, «Zaunkönig» атты әдеби журналдың бас редакторы М. Петровский мырзаға жіберілді. М. Петровский алғашқы үш орынға ақшалай сыйлық тағайындады. Бірінші орын алған студенттің еңбегі журналға жарияланатын болды.
Конкурс жеңімпаздары:

  1. Фам Дана — 1- орын (Пед. Колледж, 2 курс)
  2. Баянов Бекзат – 2 -орын (ПФИЯ, 2 курс)
  3. Катиева Зара – 3 -орын (Пед. Колледж, 2 курс)
  4. Жандарбек Айым – 4-орын (ПФИЯ, 4 курс)
library.ablaikhan.kz
© Kazakh Ablai Khan University of International Relations and World Languages