12-ші наурыз 2026 жылы Шетел әдебиеті оқу залында австриялық жазушы, драматург және эссеист Эльфрида Елинектің туғанына 80 жыл толуына орай дәріс оқылды.
Эльфрида Елинек (Elfriede Jelinek) 1946 жылы 20 октября Австрияның Мурнау қаласында дүниеге келген. Ол қазіргі заманғы әдебиеттегі ең көрнекті тұлғалардың бірі саналады және 2004 жылы әдебиет бойынша Нобель сыйлығына ие болды.
Елинектің шығармашылығы көбінесе әлеуметтік және гендерлік мәселелерге, әсіресе әйелдердің қоғамдағы орны мен дәстүрлі патриархалды құрылымдарға сын көзбен қарауға бағытталған.
Дәрісті Цюрих Білім Беру Университетінен келген профессор, германист И. Капитен мырза оқыды. Австриялық кітапхананың ғылыми жетекшісі, профессор Шпикбаева Б.Ж. студенттерге қазақ және орыс тілінде аударма жасап тұрды.
