Кітапханада аустриялық жазушы Валери Фритчтің «Zitronen» романына арналған әдеби кеш ұйымдастырылды. Шараға 50-ге жуық оқырман қатысып, заманауи әдебиеттің көрнекті туындыларының бірімен жақынырақ танысты.
Кеш барысында романнан үзінділер оқылды, шығарманың мазмұны мен көтерілген тақырыптар студенттермен бірге қызу талқыланды. Қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті, ал автор оқырмандардың сұрақтарына жауап беріп, кештің мазмұнды өтуіне ықпал етті.
Мұндай кездесулер кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып, сыни ойлауды дамытады және әдебиет арқылы рухани құндылықтарды тереңірек түсінуге жол ашады.
Шара соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, жылы әсермен қоштасты.
