«Бір кітап. Бір үзінді. Бір ой» университеттік кітап байқауы

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті студенттерді «Бір кітап. Бір үзінді. Бір ой» университеттік кітап байқауына қатысуға шақырады.

Байқау Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 16 мамырдағы № 1279 «Кітап оқу мәдениетін дамыту және оқитын ұлтты қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру аясында білім алушылар арасында кітап оқу мәдениетін дәріптеу, оқырмандық қызығушылық пен шығармашылық әлеуетті дамыту мақсатында өткізіледі.

Байқауға қатысушылар

Байқауға университеттің бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан 1–4-курс студенттері қатыса алады.

Қатысу тегін және жеке форматта жүзеге асырылады. Әрбір қатысушы бір ғана байқау жұмысын ұсына алады.

Байқаудың жұмыс тілдері — қазақ және орыс тілдері.

Қатысу тәртібі

Байқауға қатысу үшін:

  1. Әдеби шығарма мен мәнерлеп оқуға арналған үзіндіні таңдау.
  2. Оқылған шығарма туралы қысқаша жеке ой-пікір дайындау.
  3. Белгіленген талаптарға сәйкес бейнеролик түсіру.
  4. Дайын бейнероликті белгіленген мерзімде ұйымдастырушыға жіберу қажет.

Бейнероликтің мазмұны

Байқауға ұсынылатын бейнеролик үш негізгі бөлімнен тұруы тиіс:

  1. Кітапты таныстыру — шығарманың атауын және авторын айту, сондай-ақ кітапты таңдау себебін қысқаша түсіндіру.
  2. Мәнерлеп оқу — таңдалған әдеби үзіндіні мағынасы мен эмоциялық мазмұнын жеткізе отырып оқу.
  3. Жеке ой-пікір — оқылған шығарма туралы өз ойын білдіру, шығарманың маңызын немесе ерекше әсер қалдырған идеясын түсіндіру.

Ұсынылатын құрылым:

  • кітапты таныстыру — 10–15 секунд;
  • мәнерлеп оқу — 25–30 секунд;
  • жеке ой-пікір — 15–20 секунд.

Бейнероликке қойылатын талаптар

  • ұзақтығы — 60 секундқа дейін;
  • форматы — 9:16 өлшеміндегі тік бейнеролик;
  • бейне анық және жеткілікті жарық болуы тиіс;
  • дыбыс түсінікті, бөгде шуылсыз жазылуы қажет;
  • қатысушы бейнероликке өзі тікелей қатысуы тиіс.

Бейнемонтажды, титрлерді және мазмұнды бұрмаламайтын басқа да техникалық құралдарды пайдалануға рұқсат етіледі.

Байқау жұмысын жіберу

Дайын бейнероликті келесі электрондық пошта мекенжайына жіберу қажет: murzabaeva.zh@ablaikhan.kz

Хатта келесі мәліметтер көрсетілуі тиіс:

  • қатысушының аты-жөні;
  • факультеті және оқу курсы;
  • байланыс телефоны немесе электрондық пошта мекенжайы;
  • әдеби шығарманың атауы мен авторы;
  • байқауда сөйлейтін тілі.

Жеке өтінім толтыру талап етілмейді. Бейнеролик пен қажетті мәліметтерді белгіленген мерзімде жіберу байқау жұмысының тіркелуіне негіз болады.

Байқаудың өткізілу мерзімі

Байқау 2026 жылғы 16 қарашадан 14 желтоқсанға дейін өткізіледі.

  • жұмыстарды қабылдау: 16 қараша – 10 желтоқсан 2026 жыл;
  • жұмыстарды қабылдаудың соңғы мерзімі: 10 желтоқсан, сағат 18:00;
  • жұмыстарды тексеру және бағалау: 11 желтоқсан;
  • нәтижелерді жариялау: 14 желтоқсан.

Бағалау талаптары

Байқау жұмыстары 40 балдық жүйе бойынша бағаланады. Сараптамалық комиссия келесі талаптарды ескереді:

  • мәнерлеп оқу шеберлігі, дикциясы, интонациясы мен эмоциялық әсері;
  • шығарма мазмұнын түсіну және жеке ойдың тереңдігі;
  • кітап таңдауының негізділігі және оқырманды қызықтыра білуі;
  • кітапты таныстырудағы шығармашылық ерекшелік;
  • сөйлеу мәдениеті, ойдың жүйелілігі мен байланыстылығы.

Әлеуметтік желілердегі қаралымдар, «Ұнайды» белгілері мен пікірлер байқау нәтижесіне әсер етпейді.

Жеңімпаздарды марапаттау

Сараптамалық комиссияның қорытындысы бойынша I, II және III орын иегерлері анықталады.

Жеңімпаздар дипломдармен, өз таңдауы бойынша кітаптармен және театр билеттерімен марапатталады.

Сыйлықтар меценат Азамат Утеновтің қолдауымен ұсынылады.

Үздік бейнероликтер қатысушылардың келісімімен университет пен Кітапханалық-ақпараттық орталықтың ресми ақпараттық ресурстарында жариялануы мүмкін.

library.ablaikhan.kz
© Kazakh Ablai Khan University of International Relations and World Languages