20-ші наурыз 2026 жылы Шетел әдебиеті оқу залында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы мерекесіне орай кітапханада «Наурыз тойы – мерекем, салт-дәстүрім – берекем» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Аталған көрменің мақсаты – оқырмандарды қазақ халқының рухани мұрасымен, ұлттық құндылықтарымен және қазақ халқының салт-дәстүрлері таныстыру.
Көрмеге тақырыпқа сай кітаптар, танымдық басылымдар мен мерекелік дәстүрлерге қатысты материалдар қойылды.
Көрме оқырмандар үшін ашық.
