
12 наурыз 2025 жылы шет тілдер әдебиеті оқу залында атақты Австриялық ақын, жазушы Эрнст Яндльдың 100 жылдық мерей тойына орай оқырмандарға дәріс оқылып, слайд көрсетілді. Эрнст Яндль неміс тілінде сөйлейтін елдердегі ең танымал авторлардың бірі болған.
Дәрісті Цюрих педагогикалық университетінің оқытушысы, Швейцария ұлттық қауымдастығының мүшесі Юрген Капитан мырза оқып, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы толық мағлұмат берді.