«Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат»

6-шы мамыр 2026 жылы М.М. Копыленко атындағы оқу залында Ұлы Жеңіс күніне орай «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеде Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы тарихи деректер, ардагерлердің ерлігі мен отансүйгіштік рухты дәріптейтін әдебиеттер ұсынылған. Оқырмандар назарына соғыс тақырыбындағы көркем шығармалар, деректі басылымдар мен естелік кітаптар қойылды.

Аталған көрменің мақсаты – жас ұрпаққа тарихи тағылым беру, ел қорғаған батырлардың ерлігін ұлықтау және патриоттық тәрбие қалыптастыру.

library.ablaikhan.kz
© Kazakh Ablai Khan University of International Relations and World Languages