Биыл қазақ халқының рухани қазынасын байытқан ұлы ақын, сырлы лирик, ұлттық болмысты жырмен өрнектеген Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толып отыр. Бұл – бір ғана ақынның емес, тұтас қазақ поэзиясының мерекесі.
5 ақпан 2026 жылы Шетел тілдері әдебиеті оқу залында Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Ақынмын деп қалай мен айта аламын, Халқымның өзі айтқанын қайталадым » атты кітап көрмесі қойылды.
Кітап көрмесіне кітапхана қорындағы әдебиеттерден құралған Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы мен шығармашылығына арналған кітаптар қойылды.
