«Екі жан – бір ән»

4-ші Наурыз 2026 жылы Шетел тілдері әдебиеті оқу залында  «ЕКІ ЖАН – БІР ӘН» атты  М.Мақатаев пен С.Есенин шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті.

Кештің мақсаты:

  • ақиық ақын М. Мақатаев пен  орыс халқының біртуар ұлы С. Есенин  шығармашылығы туралы білім алушылардың білімін тереңдету және кеңейту, орыс және қазақ ақындарының өлеңдеріне салыстырмалы талдау жүргізу.
  • білім алушыларды ақын өлеңдерін сүйе білуге,өлеңдерінің мазмұнын терең ұғына білуге үйрету; сөйлеу тілдерін жетілдіру,өлеңдерін нақышына келтіріп жатқа оқу,сүйсіне білу сезімдерін ояту,талдаулар жасай білу, эстетикалық тәрбие беру,өз ұлтын,елін жерін,отбасын сүюге, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Іс- шара Халықаралық сервис және менеджмент колледжінің жалпы білім беретін пәндер декадасы аясында ұйымдастырылып, университет кітапханасының кітапханашыларымен бірігіп өткізілді.

Студенттер «Мақатаев пен Есенин» оқуларында Отан, махаббат, табиғат тақырыптарын жырлап, қазақтың қара өлеңінің  құдыреті  М.Мақатаев  пен орыстың ірі ақындарының бірі Сергей Есенин шығармаларын  колледж студенттері мәнерлеп, жатқа айтты.

Қатысушылар мен ұстаздар және студенттер қос ақын шығармаларының мұңды да сырлы, сан қырлы жырларын оқу арқылы рухани азық алуға  бағыттау; тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру мақсатында өткізілген бұл кештен үлкен рухани азықпен сусындады.

library.ablaikhan.kz
© Kazakh Ablai Khan University of International Relations and World Languages