
12-ші наурыз 2026 жылы Шетел әдебиеті оқу залында көрнекті австриялық жазушы, ақын, сценарист Ингеборг Бахманның туғанына 100 жыл толуына орай неміс тілінде дәріс оқылды.
Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы дәрісті Цюрих Білім Беру Университетінен келген профессор, германист И. Капитен мырза оқыды. Дәріс барысында студенттерге И. Бахман туралы презентация көрсетіліп, кітап көрмесіндегі кітаптарға қысқаша шолу жасалынды.
Австриялық кітапхананың ғылыми жетекшісі, профессор Шпикбаева Б.Ж. студенттерге дәрістің мазмұнын толық ашу үшін қазақ және орыс тілінде аударма жасап тұрды.

