2026 жылғы 6–13 қыркүйек аралығында Еуропалық және халықаралық істер жөніндегі федералдық министрліктің (BMEIA) Халықаралық мәдени байланыстар секциясының ұйымдастыруымен шетелдегі Австрия кітапханалары қызметкерлеріне арналған оқу сапары өтті.
Аталған халықаралық іс-шараға Алматыдағы Австрия кітапханасының өкілі ретінде Қуанышова Л.А. қатысты.
Оқу сапарының бағдарламасы Вена, Брно, Оломоуц және Краков қалаларын қамтыды. Сапар барысында қатысушылар BMEIA ұйымдастырған шетелдегі мәдени саясат жөніндегі кеңеске (Auslandskulturtagung) қатысып, халықаралық мәдени ынтымақтастықтың өзекті бағыттары, мәдени дипломатия және Австрияның шетелдегі мәдени қызметін дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.
2026 жылы Австрия кітапханаларының құрылғанына 40 жыл толуына орай ұйымдастырылған оқу сапарының маңызды шараларының бірі Краков қаласындағы Австрия кітапханасының 40 жылдығына арналған мерекелік іс-шара болды.
Оқу сапары шетелдегі Австрия кітапханалары қызметкерлерінің кәсіби тәжірибе алмасуына, халықаралық кітапханалық ынтымақтастықты дамытуға және мәдени байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.



