Республика күні – еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігін, ұлттық бірлігі мен елдік құндылықтарын дәріптейтін маңызды мереке. Бұл күн – халқымыздың азаттық жолындағы тарихи таңдауын, егемендікке деген ұмтылысын айшықтайтын ерекше күн.
Осы мерекеге орай 21-ші қазан 2026жылы М.М. Копыленко атындағы оқу залында «Тәуелсіздік – тұғырым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – оқырмандарға Қазақстан Республикасының тарихы, тәуелсіздіктің қалыптасу кезеңдері, еліміздің мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары туралы мағлұмат беру, отансүйгіштік сезімді қалыптастыру және ел тарихына деген қызығушылықты арттыру.
Кітап көрмесіне Қазақстанның өткені мен бүгіні, егемендік жолындағы тарихи оқиғалар, мемлекетіміздің жетістіктері мен даму жолы туралы кітаптар, тарихи-танымдық басылымдар қойылды. Ұсынылған әдебиеттер оқырмандарға туған елінің тарихын тереңірек танып, тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсінуге мүмкіндік береді.
Республика күні – елдігімізді айшықтап, тәуелсіздігімізді тұғырландыратын мереке!
