«Мефисто» кинофильмінің көрсетілімі

Австрияның әлемдегі бейнесінің қалыптасуына ел мәдениетінің ықпалы зор. Сондықтан австриялық өнер қайраткерлерінің шығармашылығымен таныстыруАстанадағы Австрия Елшілігі қызметінің маңызды бөлігі болып табылады. Осыған орай өткізілетін мәдени шаралардың біраз бөлігі Австрия кітапханасында ұйымдастырылады.

    Соның бірі 12 тамызда сағат 12:00 де  №1 шетел әдебиеті оқу залында өткен «Мефисто» кинофильмінің   көрсетілімі.  Бұл фильмдегі басты рөльді Австриялық театр және кино актері, сценарист, режиссер Клаус Мария Брандауэр орындаған. «Басты ер рөлі үшін» Канндағы кинофестивальде бүкіләлемдік танымалдылық пен сыйлықты Брандауэрге осы «Мефисто» («Mephisto», 1981) фильмі әкелді. Үшінші Рейх кезінде карьерасын жасаған провинциялық театр актері Хендрик Хёфгеннің рөлі Брандауэрге әлемдік киноның есігін ашты.

   Фильм көрсетіліміне педагогикалық факультеттің 34 студенті мен педагогикалық колледждің 12 студенті қатысты. Австриялық кітапхананың ғылыми жетекшісі, профессор   Шпикбаева Бахыт Жатқанбаева жалпы фильм туралы, фильмдегі басты рольді сомдаған Оскар сыйлығының иегері, актер Клаус Мария Брандауэр туралы қысқаша мәліметтер берді. Көрсетілім соңында оқытушы Камзина Г.З. студенттерден фильмнен қандай әсер алғанын сұрады.

library.ablaikhan.kz
© Kazakh Ablai Khan University of International Relations and World Languages