«Ұлт көсемі Әлихан»

13-ші наурыз 2026-шы жылы Бас оқу ғимаратындағы Қызыл  акт залында «Ұлт көсемі Әлихан» атты әдеби-танымдық кеш өтті.

Кештің мақсаты – қазақ халқының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Әлихан Бөкейхан өмірі мен қоғамдық қызметін насихаттау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Бұл іс-шарада кітапхана қызметкері Б.М Молдабаеваның жетекшілігімен  Халықаралық қатынастар, құқық және бизнес факультетінің студенттері белсенділік танытты.

Кеш барысында  студенттер Әлихан Бөкейханның өмір жолы, саяси қызметі және қазақ халқы үшін атқарған еңбектері жайлы көп мағлұматтар алды.  Сонымен қатар, оның өмірі мен қызметіне арналған слайдтар көрсетілді.

Әдеби бөлімде қатысушылар ұлт азаттығы тақырыбындағы өлеңдер оқып, көріністер қойды. Патриоттық әндер шырқалып, күйлер тартылды. Сондай-ақ Алашорда үкіметі мен алаш қайраткерлері туралы танымдық мәліметтер берілді.

Кеш соңында КАО директоры Мурзабаева Ж.М. қатысушыларға алғыс білдіріп, Әлихан Бөкейханның ел тәуелсіздігі жолындағы еңбегі бүгінгі ұрпақ үшін үлгі екенін атап өтті.

library.ablaikhan.kz
© Kazakh Ablai Khan University of International Relations and World Languages