«Полилингва» баспасының 25 жылдай тарихы бар. Аталған мерзімде баспадан көп мөлшерде кітап, кітапша, оқулық, әдістемелік құрал, монографиялар, университетке арналған журналдар жарық көрді.
1999 жылдан бері алдыңғы қатарлы қазақстандық және шет елдік ғалымдардың ғылыми жұмыстары «Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті хабаршысы: филологиялық, педагогикалық ғылымдар, халықаралық қатынастар және аймақтану серияларының»
3 сериясы басылымда.
Сонымен қатар, баспада жарнамалық буклеттер, ақпаратық қағаздар қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз және қытай тілдерінде жарияланады.
«Полилингва» баспасының жетістіктері:
– «Экспо 2017» Халықаралық көрмесінің сертификаты
– «Eurasian Book Fair-2018» Еуразиялық халықаралық кітап көрмесінің дипломы
– ҚР Ұлттық кітап палатасының алғыс хаты-2018 ж.
– ҚР Ұлттық кітапханасының алғыс хаты -2020 ж.
«Полилингва» баспасында ғылыми жұмыстарды жариялау үшін ұсыну қажет:
1.Мақаланың электрондық ғылыми нұсқасы
2.Дұрыс берілген библиографиялық сипаттамасы және ӘОЖ мен КБЖ индексінің құрылымы
3.Авторлық қолжазбаға пікір (ішкі және сыртқы пікір)
4.Ғылыми Кеңес және университеттің ғылыми-әдістемелік кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірме
5.«Антиплагиат» жүйесі көмегімен жасалған ғылыми жұмыстың бірегейлігі анықталған сараптамалық бағалау
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТІЗБЕСІ:
• Ғылыми-әдістемелік әдебиет, ғылыми көмекші құралдар, монографиялар, авторлық және мерейтойлық кітаптар және т.б. жарыққа шығару
• Мәтінді ақ/қара түсте, әр түрлі түсте басып шығару, қойын дәптерлер мен дәптерлерді тігу, А3, А4 форматтағы құжаттарды жұқа және қалың түрде түптеу, серіппелі түптеу, журналдар, кітаптар, дипломдық жұмыстар, магистрлік диссертацияларды термотүптеу, сканерлеу, ламинирлеу
• Түрлі-түсті құттықтау ашық хаттарын, мақтау қағаздары, сертификаттар, дизайнерлі жұмыстар жасау