«Рыцарь и хранитель родной речи»

13-ші сәуір 2026 жылы орыс тілі және орыс әдебиеті онкүндігіне орай М.М. Копыленко атындағы оқу залында «Рыцарь и хранитель родной речи» атты С.И. Ожеговтың еңбектерінен тұратын кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Сергей Иванович Ожегов – көрнекті орыс тілтанушысы, лексикограф, филология ғылымдарының докторы, профессор. Ол орыс әдеби тілінің нормаларын жүйелеуге және дамытуға зор үлес қосты.

Ғалымның ең белгілі еңбегі – «Орыс тілінің түсіндірме сөздігі». Бұл сөздік орыс тілінің сөздік қорын қамтып, тіл мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

С.И. Ожеговтың ғылыми мұрасы бүгінгі күні де өзектілігін сақтап, тіл мамандары мен оқырмандар үшін құнды дереккөз болып табылады.

library.ablaikhan.kz
© Kazakh Ablai Khan University of International Relations and World Languages