«Жас ұрпақты шетел тілі және кітап оқу арқылы өзі-өзін дамыту»

2023  жылдың 14 қыркүйегінде Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Оқытуды және зерттеулерді қамтамасыз ету бөлімінің ұйымдастырумен travel blogger Карима Маликпен нетворкинг-кездесу өтті.Жалпы кездесудің мақсаты-студенттерге тіл үйренуге ұмтылдыру және оқумен қатар өз-өзін дамытуды қолға алуды алға тарту. Кездесуге университетіміздің 1-4 курс студенттері қатысты.Кездесу барысында эксперт әлем бойынша оңай саяхат жасаудың, шет тілдерін үйренудің құпияларымен бөлісті және студенттердің сауалдарына жауап берді.

Спикер студенттерге алға ұмтылуға, еңбектенуге үлкен мотивация берді!

library.ablaikhan.kz
© Kazakh Ablai Khan University of International Relations and World Languages