МӘДЕНИ ЖЕЛІЛЕРДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

Австрия Республикасының Еуропалық және халықаралық істер бойынша федералды министрлігінің Халықаралық мәдени істер бөлімінің ұйымдастыруымен Австрия кітапханаларының басшылары мен ғылыми жетекшілерінің кездесуі өтті.
7қараша, 2023 жылы Венада, Австрия ғылым академиясының бас ғимаратында өткен бұл кездесуге Австриялық кітапхананың ғылыми жетекшісі, профессор Шпикбаева Бахыт Жатқанбайқызы мен кітапханалық ақпарат орталығының ақпараттық қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Қуанышова Ләйла Алшынбайқызы қатысты.
Кездесуге 28 елден келген қатысушылар шетелдегі Австрия кітапханаларының басылымдары мен жобалары туралы, мақсат – міндеттері туралы баяндамалар мен пікірталастарға қатысты.
Кездесу қатысушылары 8 – 9 қараша күндері „Buch Wien – 2023 “ атты кітап жәрмеңкесінде болып, Австрия әдебиетінің жаңа шығарылымдарымен танысып, жазушылар мен баспа өкілдерімен кездесті.

library.ablaikhan.kz
© Kazakh Ablai Khan University of International Relations and World Languages