Нетворкинг кездесу – «Ерлер мен әйелдер»

Кітапхана-ақпараттық орталығында 11 сәуірде Азамат Утенов мырзамен нетворкинг-кездесу өтті.  Кездесудің тақырыбы-«Ерлер мен әйелдер».

Кездесудің мақсаты-студенттерді кітап оқуға баулу, сонымен қатар кітапхана қорындағы жаңа кітаптармен таныстыру, кітап оқу арқылы тәрбиелеу болды.

Кездесу барысында спикер ер мен әйел қарым-қатыныасын нығайту, ер мен әйел ойлауының айырмашылығын кітап арқылы мысалға келтіріп, студенттермен талқылады. Студенттер спикердің қойған қызықты сұрақтарына жауап беріп, өз ойларымен бөлісті. Кездесу барысында белсенді қатысқан студенттерге Азамат мырза кітап және театрға билет сыйлап, студенттерге мотивация берді.  

library.ablaikhan.kz
© Kazakh Ablai Khan University of International Relations and World Languages