Нетворкинг кездесу – «Эмоционалды интеллект»

Кітапхана-ақпараттық орталығында 23 сәуірде “Лучшая версия себя” клубының аясында Азамат Утенов мырзамен және психолог Камелова Жанат ханыммен нетворкинг-кездесу өтті. Кездесудің тақырыбы-«Эмоционалды интеллект».
Кездесудің мақсаты-студенттерді кітап оқуға баулу, сонымен қатар студенттерді эмоция түрлерімен таныстырып, олармен қалай жұмыс істеу керектігі жайлы кеңестер беру.
Спикерлер осы мақсатта жеке қорындағы кітаптарды таныстыра отырып, эмоционалды интеллекттің маңыздылығын түсіндірді. Кездесу барысында спикер өмірде кездесетін қиын жағдайда эмоцияларыңды дұрыс көрсету жолын айтып, студенттермен талқылады. Оған қоса, эмоцияның түрлері жайлы видео және презентация көрсетіліп, студенттер спикердің қойған қызықты сұрақтарына жауап беріп, өз ойларымен бөлісті. Кездесу соңында студенттер өздерінің оқыған сүйікті кітаптары жайлы және кітап талғамдары туралы айтты. Әдеттегідей, кездесу барысында белсенді қатысқан студенттерге Азамат мырза кітап сыйлады.

Азамат Утенов
Камелова Жанат
library.ablaikhan.kz
© Kazakh Ablai Khan University of International Relations and World Languages