2026 жылғы 13 сәуірде Университет базасында профессор-оқытушылар құрамы, колледждер басшылығы және өзге де қатысушылармен ТОО «EDP Hub» өкілдерімен кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты — цифрлық білім беру платформаларының жаңа мүмкіндіктерімен таныстыру, білім беруді цифрландырудың өзекті үрдістерін, оның ішінде жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелерін талқылау, сондай-ақ білім беру ресурстарын пайдалануды кеңейту болды.
Кездесу барысында келесі мәселелер қарастырылды:
— E-UNI.KZ платформасы және IPR SMART ресурсы аясында оқу және ғылыми жарияланымдарды интеграциялау;
— IPSMART платформасын жаңарту және жасанды интеллект құралдарын (IPR Agent) енгізу;
— кітаппен қамтамасыз ету, лицензиялау және аккредитация мәселелері;
— білім алушылар мен оқытушылардың цифрлық құзыреттерін дамыту;
— цифрлық сервистерді енгізу және колледждердің WorldSkills стандарттарына сәйкес бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Кездесу мазмұнды әрі іскерлік жағдайда өтті және қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.
