Құрметті әріптес!

Біз Сіздерді «Қазақстан және Web of Science: ғылыми ақпаратта 10 жыл прогресс»халықаралық конференциясына шақыруға қуаныштымыз.

Өтетін күні: 18 қараша 2021 ж.

Конференцияның басталуы: 14: 30 (Нұрсұлтан уақыты бойынша)

Конференция бағдарламасы мына сілтеме бойынша қолжетімді.

Сіздерді біздің конференцияда күтеміз!

Биыл біз Қазақстан Республикасының Web of Science халықаралық платформасына қол жеткізуінің 10 жылдығын атап өтеміз. Біз бұл оқиғаның осы жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеумен тұспа-тұс келгеніне өте қуаныштымыз! Бұл кезең прогресс пен Тұрақты даму дәуіріне айналды. Атап айтқанда, 2011 жылдан бастап, Web of Science ұлттық жазылымы алғаш рет еліміздің ғалымдары мен зерттеушілеріне қол жетімді болғаннан бастап, Қазақстандағы жарияланымдар саны 7 еседен астам өсті. Бұл тек бастамасы ғана – еліміздің ғылыми ұйымдары мен жоғары оқу орындарының әлі де жүзеге асырылуы тиіс зор әлеуеті бар.

Конференцияда біз жарияланымдық белсенділік, ашық қолжетімділік саясатын дамыту, академиялық және зерттеу ұйымдары іске асырған ғылыми жобаларды бағалау мәселелерін талқылаймыз.

Сондай-ақ, Clarivate халықаралық компаниясы, Қазақстан, Ресей және Ұлыбританияның жетекші университеттері мен ғылыми ұйымдары өкілдерінің баяндамалары тыңдалады. Конференцияға қатысушыларға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің басшылығы, Clarivate ғылыми бөлімшесінің президенті – Мұхтар Ахмед (Mukhtar Ahmed), Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігі мен консулдығының өкілдері құттықтау сөз сөйлейді.Коронавирустық пандемияға байланысты іс-шараларды өткізуге қойылған шектеулерге байланысты конференция Majorel платформасында виртуалды форматта өтеді

Қатысу үшін келесі мекен-жайға тіркелу қажет: http://centrestage.majorelindia.com/KZ/register.html

Іс-шара өткізілетін күні оған кіруге арналған сілтеме сіз тіркелгеннен кейін бірден электрондық пошта арқылы жіберіледі.

library.ablaikhan.kz
© Kazakh Ablai Khan University of International Relations and World Languages