BOOKCROSSING

Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дің кітапханалық-ақпараттық орталығы сіздерді кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған «Bookcrossing» іс-шарасына қатысуға шақырады.
Біздің іс-шараға қатысу арқылы сіз:
-Оқылған кітаптарды жаңаларына айырбастай аласыз;
-Пікірлес адамдармен таныса аласыз.
Кітап алмасу принципі:
-Бір кітапты тапсырып, орнына бір билет аласыз;
-Қанша билет алсаңыз, сонша кітап алуға мүмкіндік бар;
-Билеттеріңізді жоғалтып алмаңыз, әйтпесе кітап ауыстыра алмайсыз.
-Қызықты әрі оқылатын кітаптар әкеліңіз.
Ескерту: Кітап алмасуға әкелетін кітап жақсы жағдайда және соңғы
онжылдықта басылған болуы керек.
Кітаптар жинағы 21 қараша сағат 11.00-16.00
Кітап алмасу 22 қарашада сағат 11.00-16.00
Өткізілетін орны: Копыленко оқу залы, 2 қабат
Біз сіздерді шарамызда күтеміз! Кездескенше!\

library.ablaikhan.kz
© Kazakh Ablai Khan University of International Relations and World Languages