27 ақпан 2025 жылы шет тілдер әдебиеті оқу залында атақты Австриялық композитор, дирижёр және скрипкашы, «вальс королі» атанған Иоганн Штраустың 200 жылдық мерей тойына орай оқырмандарға дәріс оқылып, фильм көрсетілді. Дәрісті Вена университетінен келген магистр, Дорис Циммерманн оқып, композитордың өмірі мен шығармашылығы туралы толық мағлұмат берді.