Кітапханалық кеңес

«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері Университеті» АҚ кітапхана кеңесі (бұдан әрі – «Кеңес») университет қызметінің бейініне сәйкес кітапхана-ақпараттық орталықтың ақпараттық ресурстарын сапалы қалыптастыруға жәрдемдесу, білім алушыларға, профессор-оқытушылар құрамына кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуді жақсарту, медиа және ақпараттық сауаттылық деңгейін арттыру үшін құрылған.

Кеңес құрамы факультеттердің, университеттің және кітапхананың құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен құралады.

Комитет құрамына: төраға, орынбасар, хатшы, Кеңес мүшелері кіреді.

Кеңес төрағасы Кеңес жұмысына қатысу үшін дауыс беру құқығынсыз қосымша басқа да қызметкерлерді, сондай-ақ университеттің білім алушыларын шақыруға құқылы.

Кітапхана кеңесі туралы ереже

2024-2025 оқу жылына оқу және ғылыми әдебиеттерді сатып алу

library.ablaikhan.kz
© Kazakh Ablai Khan University of International Relations and World Languages