1.Жалпы ережелер
1.1 Кітапхана – ақпарат орталығы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті оқу процесінің және университеттің ғылыми-зерттеу қызметінің тақырыптық бағыттары бойынша қорларды сақтайды және оларға қол жеткізуді ұйымдастырады.
1.2 КАО университетте ғылыми, ақпараттық және мәдени-ағартушылық сипаттағы қызметтерді орындайды, оқу, оқу-тәрбиелік, ғылыми және инновациялық қызметті қамтамасыз етеді.
1.3 Осы Ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 17 тамыздағы №827 бұйрығына («Білім беру жүйесі кітапханалары үшін кітапхана ісі бойынша құжаттарды бекіту туралы», 2003 жылғы 18 шілдедегі өзгерістерімен), КАО туралы Ережеге және университеттің нормативтік құжаттарына сәйкес әзірленді.
2.Оқырмандарды кітапханаға жазу тәртібі
2.1. Абонемент бөлімінің қызметкерлері «Тіркеу» модулінде оқырмандардың жеке жазбаларын жасайды: аты-жөні, санаты, электрондық поштасы, телефоны және басқа да деректер.
2.2.Тіркелгеннен кейін оқырман КАО пайдалану ережелерімен танысып, оларды қатаң сақтауға міндетті.
3.Абонементті пайдалану ережелері
3.1 абонементтерде әдебиетті үйге беру жүзеге асырылады.
3.2 Әдебиетке тапсырыс беру кезінде оқырман өзінің ID-картасын көрсетуі қажет.
3.3 Кітаптар мен басқа да материалдарды алған кезде оқырман оларды мұқият қарап шығуға және қандай да бір ақаулар анықталған жағдайда кітапханашыға хабарлауға міндетті. Әйтпесе, соңғы пайдаланушы басылымның бүлінуіне жауап береді.
3.4 Оқырман әдебиетті бір семестрге немесе бір оқу жылына алады. Егер қажетті әдебиет абонементте болмаған жағдайда, кітапхананың сайтында электрондық құжаттарға қолжетімділік ұсынылады.
4.Оқу залын пайдалану ережелері
4.1 Оқу залын пайдалану үшін ID-картаны көрсету жеткілікті, ол келушіні тіркеу үшін қажет.
4.2 Оқу залында ашық қор режимінде жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылған, бұл оқырманға қажетті әдебиетті өз бетінше табуға және қызықтырған тақырып бойынша қордағы басылымдармен танысуға мүмкіндік береді.
4.3 Энциклопедиялар, анықтамалықтар мен диссертациялар тек оқу залында беріледі.
4.4 Оқу залы Интернет желісіне, жазылмалы дерекқорларға және кітапхананың өз электрондық ақпараттық ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
4.5 Оқу залында отандық және шетелдік газеттер мен журналдарға, бюллетеньдер мен хабаршыларға және басқа мерзімді басылымдарға қолжетімділік беріледі. Бұрын жарияланған басылымдарды оқу залы кітапханашысына жүгіну арқылы КАО қорынан тапсырыс беруге болады.
5.Онлайн-сервис арқылы әдебиетке тапсырыс беру ережелері
5.1 МегаПро электрондық каталогына сілтемені ашу қажет.
5.2 Электрондық каталогқа кіру үшін пайдаланушы тегі мен оқырман билеті нөмірін енгізу қажет.
5.3 Қажетті кітапты табу үшін іздеу өрісінде параметрлерді көрсету керек (атауы, авторы және т.б.).
5.4 Іздеу нәтижелерінен қажетті басылымды таңдау.
5.5 Таңдалған кітаптарды белгілеу және тапсырысты рәсімдеуді аяқтау.
5.6 Кітап дайын болған кезде оқырманға электрондық пошта арқылы немесе жеке кабинетінде хабарлама жіберіледі. Жеке кабинетте тапсырыстың дайындық мәртебесін бақылауға және қажет болған жағдайда бас тартуға болады.
5.7 Тапсырысты дайындау уақыты 3-тен 7 күнге дейін созылуы мүмкін. Кітапхана кітаптарды 30 күнге дейінгі мерзімге береді, алайда сирек кездесетін басылымдар сұрату бойынша ертерек қайтарылуы мүмкін.

Кітап алу үшін абонементке қалай баруға болады? Өте оңай! Төмендегі бейнероликтен көре аласыз.