Нетворкинг-кездесу «Менің өміріме әсер еткен кітап »

Көптеген адамдар өмір жолында айтарлықтай қиындықтарға тап болады: бұл идеологиялық дағдарыс, ақша мен уақыттың жетіспеушілігі немесе тіпті жалқаулық болуы мүмкін. Әрине, әр адам бұл қиындықтарды өз бетінше жеңе алады, бірақ дәл осындай жағдайды бастан өткерген басқа адамдар бар – олар ұқсас жағдайда қалай әрекет ету керектігін біледі және өз тәжірибесін кеңеске мұқтаж басқа адамдармен бөлісуге дайын. Әрине, дана кітап басқа адамдардың тәжірибесінен үйренуге және қателіктерден аулақ болуға, табысты және бақытты болуға ең жақсы көмекші құрал бола алады.

Осындай жетістікке жеткен жандардың бірі «Өзіңнің ең жақсы нұсқаң» атты жаңа интеллектуалдық клубының демеушісі Азамат Серікқанұлы Өтенов.

Клубымыздың мақсаты – кітаптың беделін арттыру, кітап оқу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық ойлауды дамыту.

       Кітапхана-ақпарат орталығында 2023 жылдың 24 қазанында «Менің өміріме әсер еткен кітап» тақырыбында демеушімізбен алғашқы кездесу өтті. Кездесуге университетіміздің студенттері мен оқытушылары қатысты. Кездесу барысында әрбір қатысушы спикерге қызықты сұрақтарын қойып, өмірлеріне әсер еткен кітап туралы әңгімеледі.

        Азамат бізді тағы да баға жетпес сыйлықтармен – кітаптармен қуантты. Ал кездесуіміздің соңында осы тақырыпты талқылауға белсене қатысқан студенттерге тұлғалық дамуға арналған кітаптарды сыйға тартты. Кездесу шынайы, жылы атмосферада өтті!

library.ablaikhan.kz
© Kazakh Ablai Khan University of International Relations and World Languages