Сәкен Сейфуллинге – 130 жыл

22.02.2024 ж. сағат 12:00 -де Бас оқу ғимаратындағы «Қызыл» мәжіліс залында  Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай ұйымдастырылған «Қазақ әдебиетінің Ақ сұңқары» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кеште кітапхана-ақпараттық орталықтың қызметкерлерінің ұйымдастыруымен университетіміздің Халықаралық қатынастар, құқық  және бизнес факультетінің 1-курс студенттері  өнер көрсетті.

Әдеби кеште С.Сейфуллиннің жырлары оқылып, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы көріністер көрсетілді. Ақынның өлеңдеріне жазылған әндер орындалып, би биленді.

Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын таныту, дәріптеу  мақсатында ұйымдастырылған кеш барысында көрермендермен интелектуалды сұрақ-жауап ойын да ойнатылып, жүлделер табысталды.

library.ablaikhan.kz
© Kazakh Ablai Khan University of International Relations and World Languages